Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Оралда коронавирус туралы жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

2020 жылдың 26 наурыз 2020 15:25

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда коронавирус тіркелді деп, жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, аталған тұрғын WhatsАpp әлеуметтік желісі арқылы аудиожазбамен коронавирусқа қатысты жалған хабар таратқан.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес (көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адамға қатаң жаза қолданылады. Яғни төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында сондай-ақ соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Басқа балама жаза қарастырылмаған», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда коронавирус жұқтырған адам тіркелді деген жалған хабар тарағанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай