Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Оралда бос қалған өндірістік ғимарат өртенді

2019 жылдың 17 қыркүйек 2019 20:37

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда бүгін бос қалған өндірістік ғимарат өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, бұл жөнінде хабар сағат 16.49-да түскен.

«Верхний тупик» көшесіндегі 1/1-мекенжайында «Орал металл конструкциялары және цинкілеу зауыты» АҚ-ға тиесілі бір қабатты ғимарат отқа оранды.

1970 жылы салынған ғимараттың төбесі мен терезелері (400 шаршы метр) және тұрмыстық қалдықтар (200 шаршы метр) жанды.





Аталған ғимаратты 2015 жылы сот орындаушылары жауып, сатуға шығарған.

«Тілсіз жау» сағат 17.48-де оқшауланып, 18.32-де ауыздықталды.

Оқиға орнына 65 адам, 18 техника, сондай-ақ жедел тергеу тобының 5 қызметкері мен 2 техника барды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.





Жоғары қарай