Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Оралда балық аулауға кеткен тұрғын табылмай жатыр

2019 жылдың 18 маусым 2019 17:54 834

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда 1961 жылы туған тұрғын іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен алдын ала мәліметке қарағанда, аталмыш тұрғын 16 маусым күні балық аулауға кеткеннен қайта оралмаған.

Құтқарушылар із-түзсіз кеткен азаматты кеше сағат 16.30-дан бері Оралдан 10 шақырым қашықтықтағы қалаға қарасты Круглоозерный кенті тұсында Жайық өзенінен іздестіруде. Оған жедел құтқару жасағынан 4 адам, бір техника, бір жүзу құралы қатысуда. Әзірге ешқандай нәтиже болмай тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда таеквондодан Азия чемпионы жоғалып кеткен болатын.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай