Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Оралда әйелдерді тонаған қарақшы ұсталды

2019 жылдың 3 сәуір 2019 23:15 787

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Орал қаласында әйелдерді тонаған қарақшы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 1971 жылғы тұрғын өткен наурыз айында төрт рет осындай қылмыс жасаған.

Отбасын құрмаған, еш жерде жұмыс жасамайтын А. есімді тұрғын Еуразия даңғылы, Құрманғазы және Исаев көшелері бойында қараңғы уақытта жалғыз өзі кетіп бара жатқан қыз-келіншек, әйелдерге шабуыл жасап, қолындағы сөмке, әмиян, ақша, ұялы телефондарын тартып алып отырған. Кейбіреулерін үй кіреберістері алдында күтіп тұрып, артынан ілесіп, ұрып-соғып, қолындағы барын тартып алған. Олардан 6 мыңнан 50 мыңға дейінгі ақшаларын, алтын бұйымдарын жымқырған.

Тәртіп сақшылары күдіктіні кезекті тонау барысында қолға түсірді. Оның бұған дейін де қарақшылық шабуыл мен тонауға қатысты заң алдында жауапталғаны анықталды.

Қазіргі кезде 4 эпизод бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Осыған дейін әріптесін ұрып өлтірген ЖШС қызметкері туралы жаздық.

 

 

Жоғары қарай