Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 385.76
EUR 427.89
RUB 6.04
CNY 54.79

Оралда автобус екі жаяу жүргіншіні қағып кетті

2019 жылдың 12 қараша 2019 16:38

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жолаушылар автобусы екі жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 11.30-да Н.Назарбаев даңғылы бойында болды.

Ахмедияр батыр аялдамасы тұсында №5 бағытта қатынайтын жолаушылар автобусы екі ер адамды қағып кеткен.

45 жасар автобус жүргізушісінің сөзіне қарағанда, ол бағдаршамның рұқсат беретін белгісімен келе жатқан. Ер адамдар жолға жүгіріп шыққан.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, 41 және 33 жастағы ер адамдар облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, олардың бастарының жұмсақ тіндері ісінген. Оған қоса 33 жастағы ер адам іш жарақатын алса, екіншісінің қабырғасы сынған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жедел жәрдем көлігінің жол апатына ұшырап, төрт адамның зардап шеккенін жазған болатынбыз.

Жоғары қарай