Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Орал тұрғыны есірткіге еліткен күйінде әйелді тонады

2019 жылдың 30 сәуір 2019 22:00 1040

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда есірткіге елтіген тұрғын әйелді тонап, қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полиция басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, оқиға 27 сәуір күні кешкісін орын алды.

Кешкі сағат 20.00-дер шамасында «102» пультіне әйел адам хабарласып, өзінің тоналып, ұялы телефоннан айырылып қалғанын жеткізеді.

Адам тонау дерегі «Омега» зауыты ауданындағы Х.Есенжанов көшесі 13-үй маңында болған. №13 учаскелік полиция пунктінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Айдар Бисенғалиев сол бойда оқиға орнына жеткенде, әйел өзін тонаған ер адамның киген киімін, түр-тұлғасын баяндап береді. Ақыры тәртіп сақшысы В.Захаров көшесі 27-үй маңынан күдіктіні қолға түсірді.

Полиция аға лейтенанты күдіктінің қолынан телефонды алып, өзін облыстық наркологиялық диспансерге жеткізді. Дәрігерлік тексерістен өткізгенде, оның есірткіге масаң күйде болғаны анықталды.

Тексеріс барысында 1996 жылғы бұл азаматтың бұрын сотталмағаны, отбасын құрғаны, оралдық тұрғын екені, еш жерде жұмыс жасамайтыны белгілі болды. Оның қолынан ешқайда кетпеу жөнінде қолхат алынып, кісі тонау дерегіне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Құны 70 мың теңгені құрайтын «Хуавей» маркалы ұялы телефон иесіне қайтарылды. Зардап шегуші, 1994 жылғы  Ольга есімді азаматша тәртіп сақшыларына ризашылығын айтып, қызметтеріне табыс тіледі.

 

 

 

 

 

Жоғары қарай