Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Оңтүстік Кореяда коронавирустан төртінші адам қайтыс болды

2020 жылдың 23 ақпан 2020 11:17

СЕУЛ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Оңтүстік Корея жаңа коронавирустан төртінші адамның қайтыс болғанын және 123 адамның жұқтырғанын хабарлады.

Осылайша, диагнозы расталған адамдар саны 556-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP NEWS AGENCY-ге сілтеме жасап.

Төрт адамның үшеуі оңтүстік-шығыстағы Чхондо қаласында Даенам ауруханасында болған. Сол жерде вирустан алғаш рет қайтыс болған адам тіркелді. Кейінірек 110 адамның ауру жұқтырғаны, соның ішінде тоғыз адамның медицина қызметкері болғаны анықталды.

Кореяның ауруды бақылау және алдын алу орталығының (KCDC) мәліметінше, 123 адамның 75-і оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласында Синчхонджи шіркеуіндегі діндар адамдармен байланыста болған.

KCDC сектаның 9000 мүшесінің карантинге орналасқанын мәлім етті. Жексенбі күні таңертеңгі жағдай бойынша, Оңтүтік Кореяда 18 науқас толықтай айыққан.

Еске салайық, жұма күні Оңтүстік Корея Тэгу қаласы мен оған жақын орналасқан Чхондо округін «ерекше бақылау аймағы» деп жариялады.


Раушан Қоңырбаева


Басты сөздер: Медицина, Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай