Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың әпкесі де сол елде заңсыз жүрген

2019 жылдың 16 қазан 2019 12:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда бала қағып кеткен қазақстандықтың әпкесі де сол елде заңсыз жүрген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оның әпкесі де Кореяда заңсыз жүріп жұмыс істеген. Бірақ, оның аталған оқиғаға, жол-көлік апатына еш қатысы жоқ. Мән-жайды анықтау жас жігіттің төңірегінде жүргізілуде. Әпкесінің оқиғаға қатысы жоқ. Ол қазіргі уақытта Қазақстан аумағына оралды және үйіне кетіп барады», - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетейік, біраз уақыт бұрын Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореяда кішкентай баланы қағып, оқиға орнынан ізін суытқан еді.

Кейін оның Павлодарда жүргені белгілі болды.

14 қазанда Қазақстан азаматы тергеу іс-шараларына қатысу үшін Сеул қаласына өз еркімен ұшып барды.

Бүгін Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы консулы тергеушімен және қазақстандықпен кездеседі.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Оқиға, ҚР СІМ, Көлік,
Жоғары қарай