Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Оңтүстік Корея заңсыз жүрген шетелдіктердің елден шығу ережелерін күшейтті

2019 жылдың 6 қазан 2019 17:33

СЕУЛ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні Оңтүстік Кореяның Әділет министрлігі елдің билік өкілдері заңсыз жүрген шетелдік азаматтарға елден алдын ала ескертусіз шығуға тыйым салатынын мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Рёнхап агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шара қылмыс жасаған шетелдік азаматтардың әрекеттегі есептілік жүйесін теріс пайдаланып, елден кетуіне жол бермеу үшін қабылданады.

Бүгінгі күнге дейін заңсыз иммигранттар биліктегілерге кететіндері туралы дәл сол сүні хабарлап, өз беттерімен елден шыға беретін еді.

Жаңа ережеге сәйкес, заңсыз иммигранттар оңтүстіккореялық билік өкілдерін кететіні туралы 3-15 күн бұрын ескертіп, сәйкес тексерістен өтуі керек болады. Әрекеттегі есептілік жүйесі 21 қазанда бұғатталады, ал өз еркімен кетуге жазылатын өтінімнің жаңа үлгісі келесі аптада дайын болады.

Сондай-ақ, жаңа ережелер шетелдіктер үшін ескерту жіберілгеннен кейін қайту уақытын өзгертуге тыйым салады. Бұл қылмыс жасағаннан кейін қашуға әрекет ету амалының алдын алады.

Агенттік аталмыш ережелер Оңтүстік Корея аумағында жүрген Қазақстан азаматы Сеулдан оңтүстік-батысқа қарай 400 шақырым жердегі Чханвон қаласының бастауыш сынып оқушысын қағып кетіп, ертеңгі күні елден қайтып кеткенінен кейін күшейтілгенін хабарлайды.

Әділет министрлігінің хабарлауынша, қазіргі таңда Оңтүстік Корея үкіметі Қазақстанмен күдіктіні кері қайтару туралы келіссөздер жүргізіп жатыр.

Басты сөздер: Әлем, Қоғам,
Жоғары қарай