Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 354.12
EUR 416.73
RUB 5.37
CNY 51.65

Оңтүстік Корея мен КХДР келіссөздерді жалғастырады

2018 жылдың 14 қаңтар 2018 14:50 1605

СЕУЛ-АСТАНА. ҚазАқпарат - Келесі аптада ресми Сеул мен Пхеньян КХДР делегациясының Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы мәселесін егжей-тегжейлі талқылау үшін келіссөздерге кіріседі, деп хабарлайды Оңтүстік Кореяның Рёнхап ақпарат агенттігі.

Оңтүстік Кореяның Бірігу істері жөніндегі министрлігі жексенбі күні келіссөздердің 15 қаңтарға белгіленгенін мәлімдеді. Тараптар КХДР-ның 9-25 ақпан күндері өтетін Олимпиадаға өз бишілері мен музыканттарын жіберу жоспарын талқылайды.

«Біз Солтүстік Кореямен келіссөздерді таңғы 10-да бастауды ұсындық. Келіссөздердің егжей-тегжейлі бағдарламасы бүгін жасалуы тиіс», - дейді министрліктің өкілі.

Бұл ресми Сеул мен Пхеньян арасындағы осы айдағы екінші келіссөз болмақ. Министрлер деңгейіндегі соңғы екі жылдағы алғашқы кездесу 9 қаңтар күні Пханмунджом шекаралық бекетінде болды.

Айта кетерлігі, келіссөздер аясында Солтүстік Корея Олимпиада ойындарына спортшылардан бөлек, бишілерін, музыканттарын, тхэквондодан көрнекі командасын, тіпті журналистерді де жіберуді ұсынды.

Бұл жолғы кездесуде, болжам бойынша, Солтүстік Корея делегаттарының саны, делегацияның Олимпиадаға келу-кету бағдары, сондай-ақ солтүстіккореялық әншілері мен бишілерінің өнер көрсетуіне қатысты мәселелер жан-жақты талқыланады.

Жоғары қарай