Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 439.01
EUR 474.61
RUB 5.75
CNY 61.91

OneWeb пен «Астана» ХҚО серіктестік жөніндегі келісімге қол қойды

2020 жылдың 27 қаңтар 2020 11:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жаһандық байланысты қамтамасыз етуді мақсат еткен OneWeb әлемдік коммуникациялық желісі «Астана» Халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) өзара түсіністік туралы Меморандумға (Меморандум) қол қойды.

Бұл туралы «Астана» Халықаралық қаржы орталығының баспасөз қызметі хабарлады.

Меморандум Қазақстан мен Орта Азияда бірқатар маңызды мақсатқа қол жеткізу жолындағы серіктестіктің бастау алғанын білдіреді. Мәселен, Қазақстанда бірінші кең жолақты жоғарғы жылдамдықтағы спутниктік байланысын ұсынудан бастап, бүкіл Орта Азия бойынша OneWeb байланыс қызметтерін көрсетуді қолдау үшін елде техникалық торап құру болмақ.

Меморандумға АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов пен OneWeb Бас директоры Адриан Штекель Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумы кезінде қол қойды. Олар OneWeb пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты кеңейту үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу жөнінде OneWeb-тің рөлін және басқа да бастамаларды талқылады.




«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бағыттарының бірі 2022 жылға қарай Қазақстан Республикасы бойынша кең жолақты жоғарғы жылдамдықтағы интернетті бүкіл халыққа қолжетімді ету. Осылайша цифрлық технологиялардың көмегімен тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарта отырып, ел экономикасын дамытуға ықпал етеді. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы, сондай-ақ елдің телекоммуникациялық желілерін кеңейтуге мүмкіндік береді әрі шалғай жатқан 6600 елді мекенді жерсерік арқылы интернетке қосады.

Осы ретте OneWeb Қазақстанның мектептері мен ауруханалары, басқа да кәсіпорындарында, жеке және мемлекеттік секторларда «талшық тәрізді» кең жолақты жоғарғы жылдамдықтағы байланыспен қамтамасыз ету үшін жергілікті байланыс операторларын дистрибуция бойынша серіктес ретінде шақыратын болады.

Сондай-ақ, Қазақстанның қолданыстағы ғарыш инфрақұрылымы шеңберінде бүкіл Орта Азия аймағына қызмет көрсететін Техникалық орталық ашу жайын қарастырмақ. OneWeb Орта Азиядағы Техникалық орталықтың жұмысы үшін АХҚО құзыретінде бірлескен кәсіпорын құру мүмкіндігін қарастырады.

OneWeb Қазақстанның өз экономикасын цифрландыруға және жаңа спутниктің байланыс технологияларының көшбасшы орталығына айналуын әрі «Жаңа кеңістік» спутниктік технологиясын дамытуға бірегей тәжірибе мен жалпы спутниктік байланыс секторына серпін бере отырып, Қазақстанның инновациялық мемлекет ретінде дамуын қолдайды.


Жоғары қарай