Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 354.12
EUR 416.73
RUB 5.37
CNY 51.65

Өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,2% құрады

2018 жылдың 13 шілде 2018 01:40 750

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың алты айында өнеркәсіптік өндірістің индексі 105,2 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР ҰЭМ Статистика комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2018 жылғы қаңтар-маусымда 2017 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда шикі мұнай, табиғи газ және металл кендерінің өндірісі ұлғайды. Тамақ өнімдері, темекі бұйымдары, мұнай өңдеу өнімдері, химиялық өнеркәсіп өнімдері, резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісі, металлургия өнеркәсібі және машина жасау өнімдерінің өндіріс көлемдері өсті. Сонымен бірге, көмір және лигниттің өндірісі қысқарды және негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру төмендеді.

Өнеркәсіптік өнімдердің өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде байқалды.

 

 

 

Жоғары қарай