Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Омбыда көлік қаққан Қазақстан азаматшасы қаза тапты

2019 жылдың 25 наурыз 2019 16:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Омбыда көлік қаққан Қазақстан азаматшасы қаза тапты. Бұл жайында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 наурыз күні кешқұрылым Қазақстан азаматшасы Инна Федерованы реттелетін жаяу жүргінші өткелінен «Тойота» көлігі қағып кетті. Аталған азаматша бас сүйек-ми жарақатымен Омбы қалалық №1 жедел медициналық көмек ауруханасының нейрохирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Ол алған жарақатынан есін жимастан қаза тапты. Қаза тапқан азаматшаның туыстарына қайғылы оқиға туралы хабар естіртілді», - деді Айбек Смадияров.

Оның дерегінше,И.Федорова Омбы мемлекеттік техникалық университетінің 2 курсында білім алып жүрген.

«Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша Омбы облысы бойынша Ресей ІІМ басқармасының тергеу басқармасы тергеу амалдарын жүргізіп, қылмыстық іс қозғау үшін материал дайындап жатыр. Қазақстан Консульдық аталған істі айрықша бақылауын алып, тергеу органдарымен байланысқа шығып отыр», - деді СІМ баспасөз хатшысы.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР СІМ, Оқиға, Көлік, Ресей,
Жоғары қарай