Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 384.63
EUR 427.98
RUB 6.08
CNY 54.68

Олжас Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің кеңсесі басшысының орынбасары болып тағайындалды

2019 жылдың 18 қараша 2019 16:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің өкімімен Олжас Смағұлов ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап.

Олжас Мұхтарұлы Алматы қаласында дүниеге келген. Америкалық құрлықаралық университетін, Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін, Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін тәмамдаған.

Түрлі жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының бас маманы, Атырау облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы, Ақтөбе облысының әкімі аппараты басшысының орынбасары, Ақтөбе облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2018 жылғы шілде айынан бастап Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Басты сөздер: Тағайындау, ҚР Үкіметі,
Жоғары қарай