Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Олимпиада жүлдегері Левит Азия чемпионатында техникалық нокаутпен жеңілді

2019 жылдың 25 сәуір 2019 14:16 1237

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таиландта өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалында қазақстандық боксшы Василий Левит техникалық нокаутпен ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

91 келі санатындағы отандасымыз жартылай финалда Оңтүстік Корея боксшысы Ким Хьен Кюмен жұдырықтасқан болатын. Өкінішке қарай, қазақстандық боксшы бірінен соң бірі екі рет нокдаунға түскеннен кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Осылайша, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Левит Азия чемпионатының қола медалін қанағат тұтты.

Сондай-ақ 64 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір жерлесіміз Санатәлі Төлтаев та жартылай финалда тәжікстандық Баходир Усмоновтан ұтылып, қола медаль еншіледі.

Еске салайық, осыған дейін 49 келі салмақтағы Теміртас Жүсіпов жекпе-жекке шығудан бас тартып, қола медаль алғанын жазған едік.

Осылайша, әзірге Қазақстан қоржынында Азия чемпионатының 3 қола медалі бар.

«Сары құрлық» додасының жартылай финалына 11 боксшымыз шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Ерлер:

49 келі. Теміртас Жүсіпов - Дипак (Үндістан)

60 келі. Зәкір Сафиуллин - Шива Тхапа (Үндістан)

64 келі. Санатәлі Толтаев - Баходир Усмонов (Тәжікстан)

75 келі. Тұрсынбай Құлахмет - Нұрсахат Паззыев (Түркменстан)

81 келі. Бек Нұрмағанбет - Эркин Адылбек уулу (Қырғызстан)

91 келі. Василий Левит - Ким Хьен Кю (Оңтүстік Корея)

+91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев  - Сатиш Кумар (Үндістан)

Әйелдер:

64 келі. Милана Сафронова - Дан Ду (Қытай)

69 келі. Дариға Шәкімова -Ниен Чин Чен (Қытай)

81 келі.  Фариза Шолтай - Пуджа Рани (Үндістан)

+81 келі. Ләззат Күнгейбаева - Сяоли Янг (Қытай).

 

 

 

 

 

Автор: Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай