Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 376.77
EUR 408.46
RUB 5.95
CNY 53.98

«Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 10:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Олимп» букмекерлік кеңсесінің лицензиясы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2020 жылдың 22 қаңтарынан бастап OLIMP.KZ лицензияның тоқтатылуына байланысты ставка қабылдай алмайды», - делінген букмекерлік кеңсесінің хабарламасында.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы прокуратурасы «Олимп» букмекерлік кеңсесінің 145 млрд теңге салықтық берешегі бар екендігін анықтады. Сондай-ақ, «Олимп» букмекерлік кеңсесі әкімшілігінің заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны да хабарланды.


Басты сөздер: Қоғам,
Жоғары қарай