Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Олар ұзақ уақыт қиын жағдайда өмір сүрген – СІМ Ирактан қайтарылатын қазақ балалар жайлы

2019 жылдың 18 қараша 2019 17:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Ирактан қазақ балаларын қайтару операциясы әлі жүргізілмегенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Операция әлі өткізілген жоқ. Біз Ирак тарапымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Сонымен бірге, әлеуметтік және тұрмыстық сипаттағы дайындық жұмыстары пысықталуда. Себебі, келгеннен кейін ол балалардың барлығы «Жусан» операциясы кезіндегідей бірден карантинге жатқызылады. Оларды оңалту үшін уақыт қажет. Олар ұзақ уақыт бойы қиын жағдайда өмір сүрген. Сол себепті, жуық арада операция жүргізілер деп отырмыз. Нақты уақытты біз әлі келіскен жоқпыз», - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

ҚР СІМ ресми өкілі ол жақтан 2-13 жас аралығындағы 10-нан аса бала қайтарылатынын атап өтті.

«Менің ойымша, алдағы екі аптаның ішінде бәрі атқарылуы тиіс», - деді Айбек Смадияров.

Еске сала кетсек, елордада 9 қазанда өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша жиынында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ирактан бірнеше баланы қайтару бағытында жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын.

«Олардың аналары сол жақта өмір бойына бас бостандығынан айырылған», - деген еді министр.

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР СІМ,
Жоғары қарай