Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Ольга Рыпакова Парижде өтетін «Бриллиант лигасы» кезеңіне қатысады

2019 жылдың 24 тамыз 2019 09:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Парижде жеңіл атлетикадан әйгілі «Бриллиант лига» турнирінің кезекті кезеңі өтеді.

Аталмыш шараға Қазақстан командасының лидері Ольга Рыпакова қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы үш қарғып секіру жарысына қатысады. Лидерлер арасындағы алғашқы старт хаттамасының тізімінде 10 спортшы тұр. Стартқа тек колумбиялық Олимпиада чемпионы Катрин Ибаргуэн ғана шықпайды.

Айта кетейік, қазіргі таңда үздік нәтиже венесуэлалық Юлимар Рохасқа тиесілі. Оның нәтижесі – 15.11. Рыпакованың осы маусымдағы ең үздік көрсеткіші 14.37.

Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай