Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Оқушылардың сынып тазалауы: Елорда білім басқармасы түсініктеме берді

2019 жылдың 10 қыркүйек 2019 00:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас қаламызда қолған алынған мектеп оқушыларының сынып тазалау тәжірибесіне қатысты қалалық білім басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы күндері елордалық мектептерде былтырдан бастап орын алған бастамаға қатысты көптеген пікірталастар туындауда», - деп жазды қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин өзінің Facebook парақшасында.

Бұл - оқушыларға мектеп ғимаратын тазалау кезінде техникалық қызметкерлерге көмек көрсетуіне байланысты көтерілген мәселе. «Жалпы, бұл әр оқушы еден жуу керек деген сөз емес, осыны бірден атап өткім келеді. Бастама асханада ыдыстарын жуатын жерге апару немесе сабақтан кейін жұмыс орнын таза ұстау, кейбір жағдайда сыныптар мен дәліздерді жинауға көмектесу сияқты жұмыстар. Бұл біздің балаларымыздың бойында басқа адамдардың еңбегін құрметтеу және қоршаған ортаға күтіммен қарау дағдыларын дамыту үшін жасалады»,- деп атап өткен Әнуар Жанғозин.

Оның айтуынша, оқушылардың сынып тазалау тәжірибесі олардың қалауы бойынша жүргізіледі.

Сондай-ақ, білім басқармасының басшысы үлгі ретінде өз кабинетін тазалап, жаңа эстафетаны бастады.

«Тек сырттан бақылаушы рөлін атқармас үшін, мен бүгіннен бастап әр кеш сайын өз кабинетімді тазалау арқылы техникалық қызметшілердің жұмысын жеңілдетіп, көмектесу туралы шешім қабылдадым. Бұған былай қарағанда 15-20 минут қана уақыт кетеді», - дейді ол.

Сөз соңында Ә.Жанғозин #өзіңненбаста тазалық эстафетасын елордалық білім беру ұйымдарының басшыларына жолдады.

Еске сала кетсек, бұған дейін елімізде оқушылардың сынып тазалау тәжірибесінің қайта енгізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.



Автор Әли Ибраев
Басты сөздер: Білім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай