Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 360.12
EUR 409.67
RUB 5.33
CNY 52.34

ОҚО-ға тартылған инвестиция көлемі 482 млрд теңгені құрады

2018 жылдың 18 қаңтар 2018 18:33 1195

 ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында 2017 жылдың қорытындысы бойынша инвестиция көлемі 482 млрд теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 20,2 пайызға артты.

 Бұл көрсеткішпен облыс республикада көш бастап тұр, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

 Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті.

Сондай-ақ, өнеркәсіп өнімінің көлемі 858,5 млрд теңгеге жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 102,1 пайызды құраған. Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру, экономиканы әртараптандыру және өндірісті дамытуға үлкен назар аударылуда.

«2017 жылы өңірімізде Индустрияландыру картасы аясында 18 жоба жүзеге асырылып, 36,5 млрд теңге инвестиция бағытталды. 2017 жылы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 180 мыңға жуықтап, облыс республика көлемінде алдыңғы орынды иеленді», - деді Арман Сәбитұлы.

Бұдан өзге, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2017 жылы 285 жоба іске асырылып, 2 032 жұмыс орны ашылған.

Басқарма басшысының айтуынша, 2017 жылы 93 мыңнан астам адам «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен» қамтылып, жоспар 44,8 пайызға артығымен орындалыпты. Сондай-ақ, өткен жылы 83 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылған.



null 

null 

 

Жоғары қарай