Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 326.52
EUR 399.33
RUB 5.26
CNY 51.78

ОҚО: Ауыл шаруашылығына инвестиция үш есеге артты

2017 жылдың 24 желтоқсан 2017 23:02 1508

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына бағытталған инвестициялар көлемі 2017 жылдың 11 айында 34 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 3 есеге артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстың ауыл шаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

Қаржылық қолдаудың арқасында өңір шаруалары мал басын ұлғайтуға мүмкіндік алды, ал жұмыссыздар өзінің шаруашылығын дөңгелетіп жатыр. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша, фермерлер 18 мың мүйізді ірі қара, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша, 65 мың бас қой, «Құлан» бағдарламасы бойынша 3 мың жылқы алды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша, 3,2 млрд теңге бөлініп, игерілген. Ал «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» өңірлік бөлімшесі арқылы 4,8 млрд теңге бөлінді және бұл соманың басым бөлігі осы уақытта игерілді. Сонымен қатар, оңтүстіктің су шаруашылығы нысандарын ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу үшін 2 млрд теңге бөлінді.

Айта кететін мәселе, биылғы жылдың көктемінде өңірде Халықаралық жануарларды қорғау ұйымының мамандары болып, мал шаруашылығы нысандарының барлығына инспекция жүргізді. Осылайша, оңтүстіктің шаруалары өңірде өндірілген етті экспорттауға мүмкіндік алды.

 

 

Жоғары қарай