Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

«Охотзоопром» инспекторы киікті жаппай ату күдігімен ұсталды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 13:52 501

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Киікті жаппай ату күдігімен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«17 наурызда Ақмола және Қарағанды облыстарында мүйіздері кесілген жүзден астам өлі киік табылды. Осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тәжірибелі полиция қызметкерлері мен кинологтардан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды», деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, полиция қызметкерлері киікті жаппай атты деген күдікпен бір топ адамды, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігі «Охотзоопром» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның инспекторын ұстады.


null

«Күдіктілерге қатысты сот шешімімен «қамауда ұстау» жазасы қолданылды. Күдіктілердің тұратын жерлерін тінту барысында қылмыс қарулары, сондай-ақ киік мүйіздері алынды. Тергеу жалғастырылуда», - деді Нұрділдә Ораз.



null 

 

Жоғары қарай