Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Өгей әке, ана, жақын туыс: Отбасында балаларға зорлық көрсететін кімдер

2019 жылдың 12 қыркүйек 2019 14:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы 8 айда кәмелет жасына толмаған балалар мен жасөспірімдерге қатысты 589 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«8 айда балалар зорлығына қатысты 589 қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерді зорлау оқиғасы 11,3 пайызға және оларды азғыру әрекеті 5,5 пайызға қысқарды. Өкінішке қарай, зорлық көрсететіндердің 77 пайызы - балалардың өз жақындары. Атап айтқанда, әкесі, өгей әкесі, анасы, бірге тұратын адам, жақын туысы және тағы басқалар», - деді М. Қожаев.

Оның айтуынша, балаларға зорлық-зомбылық көрсету жайттары көбінесе үйде, пәтерде және жатақханада тіркеледі.

«Тағы бір айтып өтетін жайт - зорлық-зомбылық оқиғасы жақын адамдар тарапынан болған жағдайда оны дәлелдеу қиын. Себебі, оқиға үйде ешкім жоқ кезде болуы мүмкін. Яғни куәгер жоқ, ал зардап шегуші кәмелет жасына толмаған. Бүгінде ішкі істер органдарының есебінде «педофилия» санаты бойынша 1350 адам тіркеуде тұр. Және 2331 адам зорлықшы (күш қолданушы) санатымен тіркелген. Одан бөлек, балаларға зорлық көрсеткен 1575 адам тиісті мекемелерде өз жазасын өтеп жатыр», - деді ол.

Жоғары қарай