Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Нысана көздеуден қазақстандық мергендер үздік бестікке кірді- Азиада

2018 жылдың 19 тамыз 2018 18:19

АСТАНА. қазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында нысана көздеуден қазақстандық мергендер жарысты бесінші орынмен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі хабарлағандай пневматикалық қарумен нысана көздеуден Қазақстан командасы Азия ойындарын бесінші орыннан ары аса алмады.

10 метрге нысана көздеуде Владимир Исаченко мен Зәуреш Байбосынова финалға өткен болатын. Өкінішке қарай, біздің мергендер жүлделі орынға іліге алмады. Олар жалпы есепте 323.9 ұпай жинады. Алайда бұл көрсеткіш жүлделі орыннан көрінуге аздық етті.

Бұл спорт түріндегі алтын жүлдені Қытайлық команда жеңіп алса, күміс жүлдені кореялықтар қанжығасына байлады. Ал үздік үштікті вьетнамдық спортшылардың еншісіне бұйырды.

Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай