Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Нұртөре Жүсіп: Тыныштық пен тұрақтылық - Тәуелсіздіктің тірегі

2019 жылдың 23 сәуір 2019 16:21 1197

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Кемелұлының еліміздің ішкі әрі сыртқы саясатына сіңірген сүбелі еңбегін әлемдік қауымдастық жақсы біледі. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының бүгінгі съезінде «AIQYN» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Бұл заман  - біліктінің, білімдінің  заманы. Қазір әлем тез өзгеріп жатыр. Сана өзгерді, әлемдік саясат пен экономика да өзгеру үстінде. Кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді бүкіл Қазақстан халқы қолдап отыр. Тыныштық пен тұрақтылық - Тәуелсіздіктің тірегі. Саясаттағы сабақтастық жалғасуы қажет. Бәрімізге бейбіт өмір керек. Жеткен жетістіктерімізге мәз болмай, бір орында тұрып қалмай, алға өрлеу керек, заманға сай жаңару қажет. Осындай жағдайда Президент сайлауын өткізудің елдік маңызы өте жоғары. Бәріміз тас-түйін жұмылып, Елбасымыздың саралап салып берген жолын жалғауымыз қажет!», - деді Н. Жүсіп ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қарата айтқан сөзінде.

Айта кетейік, бүгін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен партияның кезектен тыс ХІХ съезі өтіп, онда 2019 жылдың 9 маусымына тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасы бекітілді. 

«Съез ұсынып отырған кандидат Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев - елге өте танымал тұлға, бәріміз жақсы білеміз. Мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт зиялысы, қазақ мәдениеті мен әдебиетіне шынайы жанашыр жан. Сіз сенген адамға ел де сенеді деп сендіргіміз келеді», - деді Нұртөре Жүсіп.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауы халқымызды биік мақсаттарға жұмылдыратынын атап өтті. 

«Еліміздегі билік сабақтастығын жалғастыру - Ата Заңымызға толық сәйкес келеді. Екі апта бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл жан-жақты ойластырылып жасалған қадам. Қасым-Жомарт Кемелұлы әрбір іске зор жауапкершілікпен қарайтын мемлекет қайраткері. Ол айқын саясат жүргізудің қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі», - деді Н. Назарбаев.

 

 

Жоғары қарай