Ауа райы
Нұр-Сұлтан 29 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Нұрсұлтан Жаңабаев WBC рейтингіне кірді

2019 жылдың 22 қаңтар 2019 02:05 2119

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) рейтингінің жаңартылған нұсқасына енгізілді, деп хабарлайды Sports.kz.

WBC рейтингіндегі өз дивизионында қазақстандық 39-позицияға орналасты.

Оған ұйымының рейтингіне кіруге желтоқсанда филиппиндік боксшы, атақты отандасы  Мэнни Пакьяоның спарринг-әріптесі Арнел Тинампайдан (25-23-1, 11 КО) басым түсуі себеп болды.  Онда Жаңабаев он раундтың қорытындысы бойынша қарсыласын жеңіп, WBA Asia чемпионгы титулын еншілеген еді.

Нұрсұлтан Жаңабаев 2016 жылдың қазан айында профи-рингке алғаш рет шықты. Содан бері алты рет айқасып, оның төртеуін нокаутпен аяқтады.

 

 

 

Автор: Қанат Мәметқазыұлы
Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Жоғары қарай