Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы басталды

2018 жылдың 18 қаңтар 2018 21:07 88

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Төрағалығымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қауіпсіздік Кеңесінің мәжілісі «Жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау: шаралар мен сенім» деген тақырыппен өтуде. Қазақстан кеңеске төраға ретінде аталған шараның тұжырымдамасын ұсынып, оны ҚК-нің барлық мүшелері қолдаған болатын. Құжатта «Бейбітшілік. XXI ғасыр» Манифесі және 2017 жылдың 6 қаңтарындағы «Қазақстанның қауіпсіз әділ, дамыған әлем үшін жаһандық әріптестікті нығайту жөніндегі тұжырымды көзқарасы» атты екі құжат негізге алынған. Дебат барысында қырып-жою қаруын таратпаудың маңызды мәселелері сөз болмақ. Бұл ретте аталған мәселелер сенім шараларын нығайту жұмыстары аясында қарастырылмақ.
Отырысқа Польша Президенті Анджей Дуда, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және өзге де лауазымды тұлғалар қатысуда.
Айта кетейік, Қазақстан Президенті 16 қаңтарда Вашингтонға ресми сапармен келіп, Ақ үйде АҚШ Президенті Дональд Трампен жеке кездесіп, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Сонымен қатар америкалық іскер топтар өкілдерімен ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысына да қатысты. Мемлекет басшысының америкалық бизнес өкілдерімен кездесуінің нәтижесінде жалпы сомасы 7 млрд долларды құрайтын 20-дан астам келісімшарт рәсімделді.

Жоғары қарай