Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Нұрсұлтан Назарбаев Түркі әлемін жақындастыруға өлшеусіз үлес қосты

2019 жылдың 21 наурыз 2019 14:25 701

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Түркі елдерінің көшбасшысы ретінде түркі әлемінің жақындасуына өлшеусіз үлес қосты. Бұл туралы Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының негізін қалаушы және Тұңғыш Президенті ретінде мемлекетшілдіктiң қалыптасуы, Қазақстанның өңiрде ықпал және халықаралық аренадағы маңызды ойыншы қатарына шығуына шешуші рөл атқарды. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет басшылығында Қазақстанда әлеуметтік және мәдени тұтастық толығымен қалыптасты. Экономикадағы ауқымды өзгерістердің арқасында Қазақстан өңірдің маңызды экономикалық және энергетикалық орталықтарының біріне айналды. Ұлт көшбасшысы ретінде Нұрсұлтан Назарбаев көршi және басқа да елдермен бейбіт қатар өмір сүру негiзiнде қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтерiп, Қазақстанның халықаралық аренада рөлін арттырды. Осындай кемеңгер әрі парасатты саясаты арқасында Қазақстан өсіп-өркендеген, бейбітшілік сүйгіш мемлекет ретiнде бүкiл әлемге танылды», делінген Бас хатшының мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, мәлімдемеде Президент Нұрсұлтан Назарбаев басқарған Қазақстан жоғары деңгейде халықаралық шаралар өткiзгені айтылып,  соның ішінде ЕҚЫҰ, ИКҰ, ШЫҰ, ТМД, Түркі кеңесінің саммиттері мен «Астана процесі» сияқты халықаралық кездесулер өткеніне, әлемдік деңгейдегі түрлі іс-шаралар ұйымдастыратын тұрақты және сенімді тұғырнама ретінде өзінің тиімділігін дәлелдегеніне назар аударылады. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы  тұрақты емес мүшелігіне сайлануы Қазақстанның бейбітшілікті сақтау ісіне деген бүкіл әлемнің сенімін дәлелдейтінін атап өтеді.

«Түркі әлемінің көшбасшысы ретінде Президент Назарбаев Түркі әлемін жақындастыруына өлшеусіз үлес қосты. Осы орайда, Түркi кенесi де Президент Назарбаевтың төл туындысы ретiнде қабылданады. 2006 жылы өткен Түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммиті барысында Президент Назарбаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін (Түркі кеңесі) атында халықаралық ұйым ретiнде құруды ұсынды.  Қазіргі уақытта Қазақстан Түркі Академиясының қабылдаушы ел ретiнде түркі әлеміндегі тарихи-мәдени жобаларды дамытуда аса маңызды рөл атқарады.  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жақында жарыққа шыққан «Ұлы даланың жетi қыры» атты мақаласында Президент Назарбаев Қазақстанның әлемде өзіндік орнын айқындайтын және Түркi дүниесiне алдағы кезеңде бағыт-бағдар беретiн бiрқатар маңызды жоба ұсынды. Сонымен қатар, қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру де түркітілдес мемлекеттердің бауырлас қарым-қатынасына оң ықпал етедi. Ұлы көшбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың күш-жігері мен қажырлы еңбегі әрдайым қазақ халқының ғана емес, Түркі әлемінде де терең құрмет пен ризашылық сезімдерiн тудырады» делінген мәлімдемеде.

 

 

 

Жоғары қарай