Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Нұрсұлтан Назарбаев: Сұлтан Сартаев отандық құқықтану саласына елеулі үлес қосты

2019 жылдың 13 желтоқсан 2019 20:04

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев профессор С.Сартаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат elbasy.kz сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық танымал заңгердің өмірден өткені туралы суыт хабарды күйзеліспен қабылдады.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті ғалымның отбасы мен туған-туыстарына және әріптестеріне көңіл айтты.

«Сұлтан Сартайұлы отандық заң және құқықтану саласын дамытуға елеулі үлесін қосқан зерделі зерттеуші болатын. Ол мемлекет пен қоғам істеріне де белсене араласып, жауапты қызметтер атқарды.

Үнемі азаматтық айқын ұстанымын танытып, қажырлы еңбегімен еліміздің өсіп-өркендеуіне атсалысып, көптің сый-құрметіне бөленді», - делінген жеделхатта.

Жоғары қарай