Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Нұрсұлтан Назарбаев Нарухитоның таққа отыру шарасында «White Tie» дресс-коды бойынша киінді

2019 жылдың 22 қазан 2019 11:56

ТОКИО. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Нарухитоның таққа отыру ресми салтанатты шарасында «White Tie» дресс-коды бойынша киінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жапония императоры Нарухитоның таққа отыру ресми салтанатты шарасына қатысты. Жапон тарапы аталған шараға орай тиісінше дресс-код бекіткен еді. Делегация басшыларын қоса алғанда салтанатты шараның барлық қатысушылары «White Tie» дресс-коды бойынша киінуі тиіс болатын. Елбасы фракті бірінші рет киіп отырған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев барлық уақытта мұндай деңгейдегі шараларда бекітілген дресс-кодты ұстанады», - деп жазды ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасының Instagram-дағы парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэнің арнайы шақыруымен жапон императоры Нарухитоның таққа отыруына арналған ресми шараға қатысу үшін Токиоға келген болатын. Бүгін Елбасы Нарухитоның таққа отыруына арналған шараға қатысты.

Жоғары қарай