Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 386.71
EUR 429.17
RUB 6.02
CNY 54.66

Нұрсұлтан Назарбаев келешегі жоқ ауылдар туралы айтты

2019 жылдың 21 тамыз 2019 15:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Болашағы жоқ ауылдардың тұрғындарын келешегі зор елді мекендерге көшіру қажет. Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үлкен бюджет қаражаты келешегі жоқ елді мекендерді ұстауға жұмсалады. Іс жүзінде олар тоғышарлар. Бізде 7,7 мың елді мекеннің бар екенін, оның 1,8 мыңының келешегі зор екендігін, соларға назар аудару қажеттігін айтқан болатынбыз. Біздің даламыз өте үлкен, кең. Ана төбенің түбінде бір ауыл бар, ол жерде 10 үй бар. Мынау төбенің астында 50 үйлі бір ауыл бар. Қайсысына біз жол апарамыз, қайсына мектеп, аурухана саламыз? Айтыңыздаршы, 10 үй үшін аурухана немесе мектеп салуымыз керек пе? Бұл өнімсіз», - деді Елбасы.

Осы ретте, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Австралия мен Канаданың да жер көлемі үлкен екендігін еске салды.

«Біз орталық бойынша дамимыз. Бұл ешқандай жағдай жасалмайды дегенді білдірмейді. Кеше Асқар Ұзақбайұлы (Үкімет басшысы – Мамин) біз осы бағытта жұмыс істеп жатқанымызды баяндады. Оларды келешегі бар өңірлерге көшіру қажет. Ол жерлерде мектеп, аурухана салынып, жол түседі, инфрақұрылым жасалады», - деді Н.Назарбаев.

Елбасының пайымынша, бұл мемлекетке арзанға түседі.

Жоғары қарай