Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Нұрсұлтан Назарбаев елорданы дамыту жоспарымен танысты

2019 жылдың 23 сәуір 2019 18:48 796

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қала әкімі Бақыт Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданы одан әрі дамыту және қала құрылысын жүргізу жоспары жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тұңғыш Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Елбасы тұрғындар үшін қолайлы жағдайлар жасаудың және әлеуметтік инфрақұрылымның қол жетімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президенті елорданы одан әрі дамыту ісін әлемдік тәжірибені және қала құрылысындағы заманауи трендтерді ескере отырып жалғастыру қажеттігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев елорданы газбен қамту және қала көшелерін көгалдандыра түсу үдерісіне ерекше тоқталды.

Сондай-ақ, қала көшелеріндегі көлік жүктемелерін төмендету, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, экологиялық проблемаларды шешу және Ботаникалық саябақты дамыту мәселелеріне баса мән берілді.

 

Жоғары қарай