Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кездесу өткізді

2019 жылдың 12 қараша 2019 16:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұрсұлтан Назарбаев Иранның сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен және Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директоры Михаил Фрадковпен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Астана клубының» отырысына қатысқаны үшін қонаққа алғысын білдірді.

«Астана клубында» сөйлеген сөзіңізді мұқият тыңдадым. Барлық мәселелерге жан-жақты тоқталдыңыз. Осы 27 жыл ішінде біз қарым-қатынасты нығайту үшін жұмыс жасадық. Мен сіздің еліңізде алты рет болдым. Қазақстан Иранға көптеген мәселелер бойынша үнемі қолдау көрсетіп келеді, - деді Елбасы.

Өз кезегінде Мохаммад Джавад Зариф Иран басшылығы мен халқы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің аймақтағы қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалайтынын атап өтті.




Иран Сыртқы істер министрі басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Сириядағы қақтығысты шешу үшін Қазақстан астанасында келіссөздер ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ, Елбасы Ресей стратегиялық зерттеулер институтының директоры Михаил Фрадковпен кездесті.




Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей стратегиялық зерттеулер институты мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институты арасында ынтымақтастық орнатудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, тараптар әлемдік сарапшылардың қатысуымен пікірсайыс алаңдарын ұйымдастыруға үлкен сұраныс бар екеніне назар аударды. Осы тұрғыда қазіргі жаһандық сын-қатерлерді өту үшін жаңа шешімдерді іздеуде «Астана клубы» алаңының ерекше маңызы мен рөлін атап өтті.




Жоғары қарай