Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Нұрсұлтан Назарбаев билік транзитін әлем басшылары қалай қабылдағанын айтты

2019 жылдың 6 маусым 2019 12:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімін әлем елдерінің басшылары қалай қабылдағанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміз тұрақтанды, дүниежүзіне белгілі Қазақстан қалыптасты. Елдің экономикасы, халықтың әл-ауқаты көтерілді. Қазақстанды жаңғыртуға бағытталған бірқатар бағдарлама қабылданып, іске асырылуда. Оның барлығына сіздер атсалысып, жоспарланған реформалар табысты іске асуы да сіздердің шешімдеріңізге байланысты. Әсіресе, ел экономикасын өркендетуде кейінгі кезде көптеген шаралар қабылданды. Әлемде болып жатқан жағдайды білесіздер. Экономика мен технологиялар жағынан сұрапыл күрес жүріп жатыр. Бізге алпауыт елдердің ортасында отырып, Тәуелсіздігімізді сақтап қалып, өзіміздің саясатымызды жүргізіп, солармен дос болып, жұмыс істеу оңайға түскен жоқ. Осының барлығын жақсы білесіздер», - деп тоқталды Елбасы Парламент Сенатында өткен салтанатты шарада.

Осы орайда, Н. Назарбаев бұл бағытта көптеген келіссөздер мен кездесулер өткенін атап өтті. Қазақстан алып елдердің алдындағы дәрежесін тек парасаттылықпен, ақылмен, дұрыс қарым-қатынаспен, көршілік байланыстармен көтерді.

«Бұл миссияда көптеген маңызды заңдарды қабылдадыңыздар. Тиісті жобаларды жан-жақты қарап, сапалы заң шығару сіздерге сеніп тапсырылған миссия. Парламен Сенатының ерекшелігі -әр өңірден сайланғандығы. Оның үстіне сіздер өңірлердің жағдайын жақсы білесіздер», - деді Тұңғыш Президент сенаторларға қарата айтқан сөзінде.

Бұдан бөлек, Елбасы өзінің президенттік өкілеттігін тоқтату туралы шешімін көптеген елдердің басшылары қалай қабылдағанын айтып берді.

«Мен өзімінің өкілеттігімді тоқтату туралы шешім жасағанда, барлық мемлекет басшыларынан хат алдым және олармен телефон арқылы сөйлестім. Осындай реакция болатынына өзім таңғалдым. Бұдан біздің барлығына тағы да үлгі көрсеткенімізді байқауға болады. Яғни, билік транзиті мәселесін қалай шешу керектігін көрсеттік. Осы орайда барлық қадамдарда халық даналығы болуы тиіс», - деді Н. Назарбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Парламенті Сенатында Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа «Құрметті Сенатор» төсбелгісі мен куәлігі табысталды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Сенатының депутаттарымен ақылдасуға жиі келіп тұратынын айтты.

Жоғары қарай