Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 33 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфтиді қабылдады

2020 жылдың 26 ақпан 2020 18:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.

Кездесу барысында дін саласының қазіргі ахуалы талқыланып, Қазақстанның тарихи және рухани байлығын сақтауға бағытталған шараларға назар аударылды.

Сондай-ақ, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Наурызбай қажы Тағанұлын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти болып сайлануымен құттықтады.

«Жаңа қызметіңізбен құттықтаймын. Тиісті біліміңіз бен тәжірибеңіз бар. Жұмысыңызға сәттілік тілеймін», - деді Елбасы.


Жоғары қарай