Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

Нұрсұлтан Назарбаев астананың экономикасына инвестиция тарту мәселелеріне назар аударды

2019 жылдың 19 тамыз 2019 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.


Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа елорданың экономикалық дамуының қазіргі көрсеткіштері туралы мәлімделді.

Сонымен қатар, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және қала тұрғындарына әлеуметтік көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Елбасы астананың экономикасына инвестиция тарту, шағын және орта кәсіпорындарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау мәселелеріне назар аударды.

Жоғары қарай