Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Нұрсұлтан Назарбаев Астананың болашақ бас мешітінің іргетасын қалау рәсіміне қатысты

2019 жылдың 18 наурыз 2019 16:38 995

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың бас мешітінің құрылыс орнына тас қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл нысан ЭКСПО-қалашықтың жанындағы жаңа саябақ аумағында бой көтеріп, көлемі бойынша Ботаникалық саябақтан да үлкен болады. Қала әкімдігінің дерегі бойынша, мешіттің сыйымдылығы 30 мың адам. Оны демеушілер салып жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, арнайы қорға түскен қаржыны жинауға барлық ниет білдірген қазақстандықтар, соның ішінде кәсіпкерлер де қатысқан.

Ғимараттың жалпы аумағы 57 мың шаршы метр, биіктігі 130 метрді құрайды. 3 500 көлікке арналған ашық және жабық көлік тұрақтары салынады деп жоспарланып отыр.

«Бұл тек құлшылық ететін орын емес, қала қонақтары мен туристер келетін елорданың көрікті нысандарының бірі болады.  (...) Мен таяуда БАӘ-де болып, алтыннан тұрғызылған шейх Заид мешітін көрдім. Бұл мешіт 3-4 жыл бұрын ғана ашылса да, оған жыл сайын алты миллион турист барады. (...) Алла ісімізге береке берсін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев тас орнату рәсімінде.

Президент бұл нысанның құрылыс барысын өзі бақылайтынын мәлімдеді.

«Астана 2020» қорының атқарушы директоры Нұржан Мыңжасаров журналистерге берген сұхбатында мешіттің тек Орталық Азияда ғана емес, бүкіл ТМД елдеріндегі ең үлкен мешіт болатынын, сондай-ақ әлемдегі осындай ғимараттардың алып ондығына кіретінін жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, мешіт екі жылда салынып бітеді.

Айта кетейік, бүгін Vkontakte-дегі «Астана архитектурасы» тобында алып ғимараттың видеоролигі жарияланды.

Еске салайық, қазіргі уақытта Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт саналатын Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің аумағы 17 700 шаршы метр. Оны 2012 жылдың 6 шілдесінде ашты.

 

 

Автор:

Дамир Байманов

 

 

 

Жоғары қарай