Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

«Нұрлы жер»: Семейде 153 пәтер пайдалануға берілді

2019 жылдың 15 наурыз 2019 21:37 1295

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Семейде жаңадан салынып жатқан Қарағайлы шағын ауданында 153 пәтер пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей қаласының ақпараттық орталығына сілтеме жасап.

Бүгінде  Қарағайлы шағын ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша  8 тұрғын үй салынып, 3 көпқабатты үй пайдалануға берілген. Қалған үйлер биылғы жылдың наурыз және сәуір айларында іске қосылады. Ал бүгінге дейін 153 пәтер пайдалануға берілген.

Мамандар тағы 5 көпқабатты үй пайдалануға берілмесе де, салымшылар өздері қалаған пәтерді брондай алатынын жеткізді.

«Банк клиенттеріне «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтер алу үшін есепшотта тұрғын үй құнының 20 пайызы ғана болса жеткілікті», - деді «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкінің» клиенттермен жұмыс жасау бөлімінің маманы Алуа Төлеумухаметова.

Бұл ретте қарыз бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме 5%-ды құрайды. Несие бойынша ең төменгі төлем 32 566 теңге. Қарыз мерзімі 25 жыл. Банк салымшыларына арналған барлық тұрғынүйлер 1 шаршы метріне 140 000 теңгеден аспайтын бағада. Сонымен қатар, жаңа шағын ауданда «Өз үйім» бағдарламасы аясында 72 пәтерлі тұрғын үй сатылымға шықты. Бағдарламаға банктің кез-келген клиенті қатыса алады. Бұл үшін тұрғынүй құнының 20 % мөлшерінде бастапқы жарна болу қажет. 

 

Жоғары қарай