Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -12 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

«Нұрлы жер»: 144 атыраулық отбасы баспаналы болды

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 23:50

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 144 отбасы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Береке» ықшамауданында салынған үйден пәтер кілттерін Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышов пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов табыстады. «Қазіргі таңда, Атырау қаласында тұрғын үй құрылысының қарқыны жедел. Жыл басынан бері »Нұрлы жер« бағдарламасы бойынша 256 пәтер берілген еді. Бүгін тағы 144 пәтер кілтін табыс еттік. Осылайша, биыл 400 атыраулық жаңа баспанаға ие болды», - деді Ринат Жаңғылышов. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспана конкурстық негізде 50/50 қағидаты бойынша үлестірілетінін атап өту керек. Яғни, пәтерлердің 50% кем емес бөлігі тұрғын үй кезегінде тұрған атыраулықтарға берілсе, қалған 50% «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» салымшылары сатып ала алады. «Бүгінде Атырау облысының 68 мыңдай тұрғыны »Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің« есеп-шоттарында қаражат жинауда. Биыл 14 мыңға жуық атыраулықпен келісімшарт жасалып, банктің Атырау облыстық филиалы жалпы соммасы 11,6 млрд теңге болатын 1047 несие берді», - деді банктің Басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов.
















Жоғары қарай