Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 379.36
EUR 424.47
RUB 5.88
CNY 54.95

Нұрлан Нығматулин: Елбасының бастамалары шетелдіктердің қызығушылығын тудыруда

2019 жылдың 25 сәуір 2019 11:20 448

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілісте Палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен биылғы 23-24 қыркүйекте елордада «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында өтетін Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне дайындық пен өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің алғашқы кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, парламент өкілдерінің алдағы кездесуі ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық идеясына 25 жыл толуына арналады.

Елбасының еуразиялық бастамасы бүгінгі күні әлемдік деңгейде зор әлеуетке ие болып отырғанын айтқан Мәжіліс төрағасы, халықаралық парламентаралық қоғамдастық өзекті мәселелерді және Қазақстанның астанасында Еуразиялық кеңістіктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолдарын талқылауға ынталы екенін атап өтті.

null 

Іс-шараға 70-тен астам елден делегациялар қатысады деп күтілуде.

Осыған орай, Ұйымдастыру комитетінің мүшелері маңызы зор саяси халықаралық оқиға саналатын алдағы парламенттік форумға дайындық мәселелерін қарады.

 

 

Жоғары қарай