Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Нұрқиса Дәуешов ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі қызметіне тағайындалды

2019 жылдың 10 шілде 2019 13:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ведомствоның жаңа вице-министрін таныстырды, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Дәуешов Нұрғиса Мұратұлы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды.

Нұрғиса Дәуешов 1985 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының түлегі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты.

Түрлі жылдары филармония, халық аспаптары академиялық оркестрі әртісі, Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыка өнері кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.

2011-2013 жж. - Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік халық аспаптары оркестрінде инспектор.

2013 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптары оркестрі директоры қызметіне тағайындалды.

Жоғары қарай