Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Нұр-Сұлтанның көрнекі орындарына ұлылардың өнегелі сөздері ілініп жатыр

2019 жылдың 8 маусым 2019 20:53 1696

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас қаладағы ірі ойын-сауық және сауда орталықтарында тәрбиелік-өнегелік мәні бар ұлағатты сөздердің аудиожазбасы ойнатылып жатыр. Бұл туралы қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Сәкен Есіркеп ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

«Елорда түрлі деңгейдегі биік те көркем ғимараттарымен танымал. Ендігі уақытта қаланың ұлттық нақыштағы өзіндік ерекшелігі болуы тиіс деген оймен біз жаңа бастама көтердік. Атап айтқанда, қаладағы халық жиі баратын ойын-сауық орталықтары мен ірі сауда орталықтарына келушілерге тәрбиелік-өнегелік бағыттағы ұлағатты сөздердің қазақша аудиожазбасын тыңдату. Қазіргі уақытта 32 нақыл сөздің аудиосын әзірлеп, қаладағы 35 сауда орнында күніне 20 реттен таратып жатырмыз. Бүгін статистикасын қарасам, жиырма күнде қала тұрғындары мен қонақтары 10 500 рет нақыл сөздерді тыңдапты», - деді С. Есіркеп.

Оның айтуынша, аталған бастама қала әкімінің қолдауына ие болды. Осы тұрғыда ұлағатты сөздер аудиожазбадан бөлек, қала көшелеріндегі билбордтар мен пилондарға іліне бастады.


null 

«Қазір қаланың ең көрікті жерлерінің бірі - Нұржол бульварындағы пилондарға қойылып жатыр. Одан бөлек, алдағы уақытта қоғамдық көлік аялдамалары мен автобус ішіндегі мониторларға арналған түрлі тақырыптарда 30 секундтық әлеуметтік роликтер де дайындалуда. Сондай-ақ, қала бойынша үйлердің қабырғасына тәрбиелік мәні бар суреттер салып, оның жанына мақал-мәтелдер жазу жоспары да бар», - деді ол.

Тіл басқармасы басшысы орынбасарының мәлімдеуінше, аталған жобаға А. Құнанбайұлы, А. Байтұрсынұлы, Б. Момышұлы және тағы басқа ұлт ұлыларының нақыл сөздері қолданылды.

 

 

Автор Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Тіл, Мәдениет,
Жоғары қарай