Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Нұр-Сұлтанның 100 тұрғыны 1 млн теңгеден баспана сертификатын алды

2019 жылдың 5 шілде 2019 18:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімдігінде 100 тұрғынға 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификатын беру шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда күні қарсаңында 1 млн теңгенің тұрғын үй сертификатын табыс ету шарасын өткізуіміз - қуантарлық жайт. Бұл сома үш санаттағы, атап айтқанда білім беру, денсаулық сақтау және құқық қорғау органдары салаларының азаматтары үшін үлкен көмек. Бұл игі шара «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында осы жылдың басында бастау алған еді. Бағдарлама Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылыжүзеге асырылады. Жылдың басында мұндай сертифтикатты 147 азамат алған еді. Енді, міне, бүгін тағы 100 адамға табыстап отырмыз», -деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимев.



null

Оның айтуынша, бүгін сертификат алған азаматтардың шамамен 90-ы бюджет қаласында, ал қалғандары денсаулық сақтау және құқық қорғау органдарында жұмыс істейді.

«Олар - төлем қабілетін және тұрақты табысы бар екенін дәлелдеген адамдар. Бұл азаматтар үшін аталған сома бастапқы жарнаны төлеу үшін айтарлықтай көмек болады», - деді ол.

Айта кетерлігі, биыл тұрғын үй сертификаты үшін қала бюджетінен 1,5 млрд теңге қарастырылған.




null




null


null


null


null


null


null


null

Жоғары қарай