Ауа райы
Нұр-Сұлтан 14 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 378.65
EUR 430.07
RUB 6.00
CNY 55.10

Нұр-Сұлтаннан Токиоға қатынайтын әуе рейсін мемлекет субсидиялайды

2019 жылдың 4 сәуір 2019 21:02 1015

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан астанасынан Токиоға тікелей әуе рейсін мемлекет субсидиялайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.  

2019 жылдың 30 қаңтарында ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл соңына дейін Америка Құрама Штаттары мен Жапонияға тікелей рейс ашуды тапсырған еді.

«Тікелей жолаушылар ағынын (2018 жылы аптасына 142 жолаушы ұшқан) және жол ұзақтығын есепке ала отырып, Жапониядан тікелей рейс ашу бастапқыда экономикалық тұрғыда тиімсіз болып көрінеді. Әлемдік тәжірибе мұндай ұзақ рейстердің алғашқы 2-3 жылда тек шығынға ұшырайтынын көрсетті, себебі жолаушылар  әуе кемесінің 20-40% ғана толтырады, шығынға батпау үшін бұл көрсеткіш ең кемі 70-80% болуы керек.

Осыған байланысты сұранысқа ие бағыттарды конкурстық негізде субсидиялау жоспарланып отыр, бұл тәжірибені көптеген елдер туризмді дамыту мақсатында қолданады. Бұл үшін Үкімет биыл 1,45 млрд теңге бөлді.

2019 жылдың екінші жартысында Нұр-Сұлтаннан Токиоға әуе рейсі ашылады. Рейс аптасына екі рет ұшырылады. Аталған әуе маршрутын субсидиялау шығыннан толық арылғанша жүргізіледі», - делінген хабарламада.

 

 

 

Жоғары қарай