Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Нұр-Сұлтандағы «бүкір» көпірде көлік қозғалысына шектеу қойылды

2020 жылдың 19 қаңтар 2020 20:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас қаладағы Бөгенбай батыр даңғылының бойындағы көпірде жол қозғалысының сызбасы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Бөгенбай батыр даңғылының бойындағы көпірде жол қозғалысының шектелуіне байланысты, Бөгенбай батыр даңғылы – Уәлиханов көшесінің қиылысында және Бөгенбай батыр даңғылы – Айманов көшесінің қиылысында сол жақ бұрылыс пен кері бұрылуға уақытша тыйым салынды (көпірден түсу бағытында). Осыған орай, Бөгенбай батыр даңғылы арқылы Айманов көшесіне оңға бұрылып, Дүкенұлы көшесіне оңға қарай және Уәлиханов көшесіне шығу бағыттарындағы маршруттарды қолдануды ұсынамыз» делінген департамент таратқан хабарламада.

Сондай-ақ, аталған мекеме көлік жүргізушілерге ыңғайлы болуы үшін бағдаршамдардың жұмыс режиміне де тиісті өзгеріс енгізілгенін хабарлайды.

Автор Дәулет Ізтілеу
Басты сөздер: Көлік, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай