Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Нұр-Сұлтанда «Жанұя» орталығы ашылады

2019 жылдың 1 тамыз 2019 11:53 188

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл күзде елорда әкімдігінің жанынан «Жанұя» отбасын қолдау орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен Отбасылар форумында айтты.

«Отбасы дегенде ойымызға ана түседі. Өйткені ол – ошақтың ұйытқысы. Анаға қолдау көрсетпей, отбасын қолдау мүмкін емес. Елордада тіркелген 96 мың жеке кәсіпкердің 50 мыңы әйелдер. Соңғы 4 жылда әйелдер ұсынған 182 стартап жоба әкімдік тарапынан қолдау тапты», - деген әкімдік өкілі биыл күзде отбасын қолдау үшін құрылатын «Жанұя» орталығының қызметіне тоқталды.

«Қыркүйек айында отбасыларды қолдауға арналған «Жанұя» атты орталық ашылады. Қазір онда жөндеу жүріп жатыр. Бұл орталық әсіресе қиындыққа тап болған жанұяларға көмек көрсететін болады. Басына ауыртпалық түскен аналарға оңтайлы болуы үшін көрсетілетін қызметтің бәрі «бір терезе» принципімен жұмыс істейтін болады. Орталықта балалардың ойын алаңы да қарастырылады. Ал аналарға құқықтық, психологиялық, медициналық тұрғыда көмек көрсетіледі. Кәсіп ашу, жұмыс табу, баспана алу бойынша да нақты кеңестер беріліп, құжат рәсімдеу бойынша көмектер көрсетіледі», - деді Бақтияр Мәкен.

Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай