Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Нұр-Сұлтанда және бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2019 жылдың 13 тамыз 2019 16:46 302

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Қостанай, Маңғыстау облыстарында және астанада ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

14-15 тамыз күндері Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел оңтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, 15 тамыз күні күндіз желдің екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Нұр-Сұлтанда 14-15 тамыз күндері найзағай ойнайды. 15 күні күндіз бұршақ жаууы ықтимал, жел солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

14 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде жел батыстан, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін.

14 тамыз күні Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұруы ықтимал, жел батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

14 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды, жел алдымен батыстан, артынша солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады.

14 тамыз күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Басты сөздер: Қоғам, Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай