Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Нұр-Сұлтанда xоккейден Әлем чемпионаты бірегей шоу-бағдарламамен ашылады

2019 жылдың 28 сәуір 2019 16:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында өтетін бірінші дивизиондағы xоккейден Әлем чемпионаты таңғаларлық шоу-бағдарламамен ашылады, деп xабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің ақпаратына сәйкес, жанкүйерлер лазерлік шоу мен 3D-технологиялардың қолданылуымен ұйымдастырылатын бірегей ашылу салтанатына куә болады. Турнирдің ашылу рәсімі 29 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 19:30-да «Барыс Аренада» өтеді. Еске салайық, 20:00-де Қазақстан мен Словения құрамаларының матчы басталады.

Бірінші дивизионда xоккейден Әлем чемпионаты Қазақстанда алғаш рет өтіп жатыр. Жоғарғы дивизионға шығу үшін екі жолдама сарапқа салынады. Оған алаң иелері - Қазақстан құрамаларынан бөлек, Словения, Беларусь, Оңтүстік Корея, Венгрия және Литва құрамалары таласады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін ӘЧ-ға қатысатын ҚР Ұлттық құрамасының мүшелері белгілі болды.

Матчтарды «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Аталмыш әлемдік шараға орай арнайы фан-аймақ құрылды. Ол «Барыс Аренаға» қарама-қарсы Тұраң даңғылының бойында «Астана Арена» көлік тұрағында орналасқан.

Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай