Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Нұр-Сұлтанда Walk the Talk акциясы өтеді

2019 жылдың 15 мамыр 2019 05:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шара 72-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы аясында 17 мамырда Ботаникалық бақта өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Қатысушылар 3 және 5 шақырымға жүгіріп, сондай-ақ скандинавия жүрісінен жарысқа қатыса алады.

«Сауықтыру жүгірісіне қатысудан басқа, сіз қан қысымын өлшей аласыз, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтай аласыз, дұрыс тамақтану қағидалары туралы, донорлық ұстанымдар туралы кеңес алып, АИТВ статусынан экспресс тест өте аласыз. Нұсқаушы шұғыл жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сыныбын өткізеді», - делінген салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының хабарламасында.

Акцияның мақсаты - денсаулықты нығайта отырып, өмір сүру ұзақтығын арттыруды белсенді насихаттау. Шара сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай