Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың бет-әлпетін танитын домофондар орнатылды

2019 жылдың 2 сәуір 2019 19:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астананың «ақылды ауданында» тұрғындардың бет-әлпетін танитын (Face Recognition) 3 домофон орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының Фейсбуктағы парақшасында жарияланды.

«Бұдан былай, домофонның магнит кілтін жоғалтып аламын деп қорқудың қажеті жоқ. Жаңа технологиялар мұның барлығынан арылтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Бараев көшесіндегі 12-үйдің тұрғындары кіреберіс есікті банк картасымен немесе қоғамдық көлікпен жүретін LRT картасымен немесе мобильді қосымша арқылы аша алады», - делінген хабарламада.

Интеллект жүйелер деректер қорына енген тұлғаларды ғана «таниды» және соларға ғана есікті ашады.

Деректер қоры тұрғындардың келісімімен ғана толтырылады. Базаға енбегендер әдеттегідей магнит кілтті пайдаланады.

Айта кетейік, «Ақылды аудан» жобасы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Мұнда сынақтан өткен жаңа технологиялар тұтас қалаға қолданылады.

Жоғары қарай